Оңтүстік Кореяда 7 жасар баланы қағып кеткен Қазақстан азаматы 2 жылға және 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Зардап шеккен баланың ата-анасы қазақстандыққа кешірім бермеді. Баланың ата-анасына бүлдіршіннің қасында болуы үшін жұмыстан кетулеріне тура келген. Ал емдеу үшін 60 млн астам вон (шамамен 19,5 млн теңге) жұмсалған.
Қазақстандықтық адвокаты үкімге шағым жасау түсіруге ниетті. Оның айтуынша, айыпталушының қорғаушы тарабы жәбірленуші тараппен келісімге келуге талпынбақ. Ол баланың денсаулығы қалпына келсе, баланың ата-анасы өз шешімін өзгертеді деп үміттенеді.