Забайкале өлкесінің Красночикой ауданында тергеушілер төрт жасар ұлын өлтірді деген күдікпен 28 жастағы әйелді құрықтады. Сонымен қатар күдікті екі жасар қызын да өлтірген болуы мүмкін деген құқыққорғаушылар ол бұл үшін өз қолымен үйіне өрт қойған деген пікірде.
Өрт Красночикойского ауданы, Барахоево ауылдағы тұрғын үйде, жексенбі күні болған. Өрт сөндірушілер келген кезде бүкіл үй отқа оранған. Нәтижесінде төрт жасар бала қаза тауып, екі жасар қыз зардап шекті.
Тергеу
болжамы бойынша, ішімдік ішкен әйел өз
балаларын өлтірмек болып
шешкен. Күдікті үй бөлмелерінің
бірінде жиһаз бен еденге
бензин шашып, өзі кетіп
қалған. Көрші
үйлердің тұрғындары
түтінді байқап, терезені
сындырып, қызды құтқарып қалған.
Қыз жергілікті ауруханаға жатқызылды.
Сот
медициналық және өрт-техникалық
сараптамалары тағайындалды. Тергеу
жалғасуда.