Жамбыл облысындағы "Қазпошта" облыстық филиалының басшысы 250 мың теңге пара алды деп күдікке алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті хабарлайды.
Басшы жұмысқа орналастыру үшін пара алды деген күдікке ілінді. Оған ақшаны бөлім бастығы берген.
Ол өз кінәсін
мойындады, сондықтан тұтқындалған
жоқ. Күдікті сотқа дейін үйінде болады.
Тергеу
әлі жүргізілуде.
Күдіктілердің
кінәлілік дәрежесі мен жазалау шарасын
сот анықтайды.