Жамбыл облысында 10 жасар қыз жоғалып кетті

25 сәуір, 16:52

Қаратау қаласында 10 жасар Аруай Мұитқызы жоғалып кетті. Мектепке кеткен қыз қайтып оралмаған. Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қызының жоғалғаны туралы арызданған Аруайдың анасы.

Жоғалғаны туралы өтініш келіп түскеннен кейін барлық иесіз жатқан құрылыстар, саябақтар, құдықтар, вокзалдар және қала бойынша басқа да орындар тексерілді. Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, еріктілер және іздеу иттері тартылды.
Бірақ баланың қайда екені әлі белгісіз. Осыған орай, полиция қызметкерлері Берік Аруай Мұитқызын көргендердің барлығынан телефон арқылы хабарлауды сұрайды.: 8 (726 44) 6-08-28, 6-05-66, 6-29-16 немесе 102.