Жаңаөзенде көлік қаққан 9 жастағы оқушы оқиға орнында көз жұмды

15 қазан, 15:09

Маңғыстау облысында жүргізушісі көлігін тоқтатып үлгере алмай, жолды кесіп өткен баланы қағып кетті. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

2010 жылы дүниеге келген бала жедел жәрдем қызметі келгенше оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Аталған оқиғаға сәйкес ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.