Жаңаөзен қаласының әкімі ауысты

04 қыркүйек, 16:30

Жаңаөзен әкімі болып Мақсат Ибағаров тағайындалды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала басшысын активке облыс әкімі Серікбай Тұрымов таныстырды. Айта кетейік, бұған дейін Жаңаөзен қаласының әкімі қызметін Әділбек Дауылбаев атқарған.

Еске салсақ, Жаңаөзенде 2 қыркүйек күні қалалық әкімдік ғимараты маңында көптеген тұрғындар жиналып, жергілікті халықтың жұмысқа орналасуын талап етті. Жиналғандар қалада жергілікті тұрғындар үшін жұмыс орны тапшы екенін мәлімдеді. Сонымен қатар наразылық танытушылар Қытай кәсіпорындарының салынуына қарсы шықты. Ал 3 қыркүйек күні Жаңаөзенде тұрғындар алаңға жиналып, өз талаптарын қойды. Бұл кезде халыққа басу айтуға облыс әкімі Серікбай Тұрымов пен күні бүгін қызметінен босап қалған Әділбек Дауылбаев келді.