Владимир Зеленский ұлықтау рәсімінен кейін қазақстандық өкілдермен кездесті

21 мамыр, 11:19

Президент Владимир Зеленский Бектас Бекназаров бастаған қазақстандық делегациямен кездесті, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі. Салтанатты рәсімнен кейін вице-спикер Бектас Бекназаров Украинаның жаңа президентімен кездесті.

"Сенат төрағасының орынбасары Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және бүкіл Қазақстан халқының атынан Украина президентін ресми түрде қызметке кірісуімен құттықтап, оның Украинаның игілігі үшін атқаратын қызметіне табыс тіледі", — делінген хабарламада.

Тараптар Қазақстан-Украина қарым-қатынасын жандандыру мәселелерін талқылады.