Владимир Жириновский ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

27 желтоқсан, 15:10

Ресейдегі мемлекеттік Думаның депутаты Владимир Жириновский Алматыда болған әуе апатына байланысты көңіл айтты.

"Алматы маңында болған әуе апатына байланысты өзімнің және Ресейдің либералды-демократиялық партиясы атынан көңіл айтамын. Адамдардың қаза болуы - үлкен қайғы-қасірет. Бұл әсіресе өзіңнің туған қалаңда орын алуы қатты ауыр соққы. Алматы - менің кіші Отаным, мен онда балалық пен жастық шағымды өткіздім",-деп жазды Жириновский Telegram-арнасында.

Депутат өз хабарламасында ұшақ апаты құрбандарының саны артпайтынына үмітті екенін жеткізді.
"Құрбандар саны артпайды деп үміттенеміз, ал тергеу қоғамға, қаза тапқан және зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына жауап беру үшін тез әрі тиімді өтеді", - деп жазды Владимир Жириновский.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға бүгін таңертең орын алды. Алматыдан Нұр-Сұлтан бағытына шыққан "Бек Эйр" әуе кемесі биікке көтеріліп, көп ұзамай жерге құлады.