Владислав Челах 30 млн теңге өтемақы талап етіп отыр

22 қаңтар, 12:00

Владислав Челах мемлекеттен құқығы бұзылғаны үшін 30 млн теңге көлемінде моральдық өтемақыны өтеуді, сот үкімін жоққа шығарып, істі қосымша тексеруге жіберуді сұранады. Бұл туралы ол өзінің соттың кассациялық сатысына жазған өтінішінде көрсеткен.

Өмір бойы түрмеге қамалған азамат, бұған қоса билік өкілдерінен өзін қорғауға дайындалу үшін жеткілікті уақыт беруді және адвокатты еркін таңдауды сұранады. Челах тергеу барысында өзінің қорғау құқығы бұзылды дейді.