Көлік жүргізушісі жолдағы жанжал салдарынан басқа көлік иесіне оқ атты

31 шілде, 17:30

Түркістан облысында жанжал кезінде бір жүргізуші басқа көлік иесіне оқ атқан. Белгілі болғандай, ер адамдар жолды бөлісе алмаған.

Төлеби ПБ-нің кезекші бөліміне аудандық ауруханадан оқ-дәрімен жараланған ер адамды жеткізгені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Түркістан облысы ІІД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, қала көшелерінің бірінде екі жүргізуші жолды өзара бөлісе алмаған. Жанжал барысында белгісіз тұлға жәбірленушіге травматикалық қарудан оқ атып, қылмыс орнынан бой тасалаған.

Аталған фактіні ҚР ҚК-нің "Бұзақылық" бабы бойынша СДТБТ-ға тіркеген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері Ленгер қаласының тұрғынын ұстады. Айғақ зат ретінде травматикалық тапанша алынды. Күдікті қамауда. Қазіргі уақытта бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.