​Алматының жүргізушілерін автобустардың көмегімен айыппұлға кеседі

10 желтоқсан, 11:24

Келесі жылдың басында Алматының көлік жүргізушілеріне біраз жаңалық бар. Қоғамдық бағыттарда «Green bus» компаниясының автобустарының барлығының алдыңғы және артқы жағына камера қойылмақ. Алматыэлектротранс 50 «Жолақ» кешенін орнатпақ, сол арқылы автобустардың жолындағы барлық заңбұзушылықтар тіркеліп отырады. Бұл жүйе қазіргі таңда пилотты режимде жұмыс істеуде.

«Жолақ» - автобустардағы қауіпсіздік жүйесі. Онда тек видео камералар ғана емес, шұғыл шақыру батырмасы да бар. Жолда төтенше жағдай немесе жол апаты болғанда қоғамдық көліктің жүргізушісі шұғыл қызметтерге қоңырау шалып жүрмей, арнайы батырманы басса болғаны. Бұл ж аңалыққа 100 миллион теңге бөлініп отыр.

Қазіргі таңда Алматыда көліктердің орташа жылдамдығын өлшеу жүйесі жұмыс істеп тұр. Полицейлер 6 постта 1 күннің өзінде 1200-ге жуық ереже бұзу фактісі тіркеледі дейді. Бұл – шамамен 8 млн айыппұл деген сөз.
Инновациялық жаңалықтың мақсаты – жолдағы апатты азайту. Жүйе толық бапталып, аттестациядан өткенше көлік иелеріне хабарлама берілмейді. Техника жол жүру ережелі көп бұзылатын көшелерде қойылады.
Алматыда қазіргі таңда 100-ден астам видетіркеу посты жұмыс істеп тұр. Екі жылдан кейін олардың саны 250-ге жетеді.