Дәрігерлер суға шомылу кезінде тұншығып қалған сәбиді құтқарып қалды

08 сәуір, 17:33

Шымкенттік дәрігерлер суға тұншығып қала жаздаған сәбиді әупірімдеп аман алып қалды. ​Оқиға мегаполистің жеке үйлерінің бірінде орын алды. Баланың анасы оны шомылдырмақ болып жатқанда кезінде күтпеген жағдай орын алды.

Шақыртуға келген медицина қызметкерлері тексеру кезінде 11 айлық бала тыныс алмай жатқанын анықтады.

Жүрек соғысы тоқтағандықтан дәрігерлер дереу реанимациялық іс-шараны бастады. Оқиға орнына келген медиктердің кәсібилігінің арқасында үш минут ішінде сәбиді өмірге қайтаруға мүмкіндік болды. Тыныс алу қалпына келіп, жүрек қайта соға бастады. Реанимациялық көмек көрсетілгеннен кейін пациент қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Бала алты күн бойы ем алып, анасымен бірге үйге шығарылды.




Дерек көзі: vrachi-spasli-malysha-kotoryy-zahlebnulsya-pri-kupanii-