Қазақстандықтар Ресейде жүріп те ұнаған кандидатына дауыс бере алады. Дәлірек айтқанда Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахан, Омск. Бұл туралы РФ-дағы ҚР елшілігінің ресми сайтында хабарланды.
Алдағы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.
9 маусым күні Ресей аумағында болатын Қазақстан азаматтары Мәскеу қаласындағы ҚР елшілігінде ашылатын №265 сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Сайлау учаскесінің жұмыс уақыты: 07:00-20:00 (мекенжайы: Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвары, 3А).
Сайлаушыларды тізімге енгізу процедурасын жеңілдету үшін ҚР-дың РФ-дағы елшілігіне консулдық есепке тұруға кеңес береміз (сілтемені қараңыз). Сондай-ақ +7 (495) 627 18 12, +7 (495) 627 18 96 телефон нөміріне қоңырау шалып, аты-жөніңіз бен ЖСН-ды хабарлауыңызды сұраймыз.
Мәскеу қаласынан бөлек, Ресей аумағындағы өзге төрт қалада дауыс беруге болады. Сайлау учаскелері Қазақстан Республикасының Бас консулдығы мен Консулдықтарында жұмыс істейді:
Санкт-Петербор қаласы, Рылеев көшесі, 10. Тел.: +7 (812) 335-25-46, факс.: +7 (812) 335-25-47, е-mail: kazconspb@mail.ru, веб-сайт: http://mfa.gov.kz/kz/s-petersburg
Қазан қаласы, Карл Маркс көшесі, 8/13 үй. Телефон: +7 (843) 202-05-92, факс: +7 (843) 223-06-69, веб-сайт: http://kzkazan.ru/kk/, е-mail: kazan@mfa.kz
Астрахан қаласы, Акварель көшесі, 2Б. Телефон: +7 (8512) 61-00-07, факс: +7 (8512) 25-18-85, е-mail: astrakhan@mfa.kz, веб-сайт: www.mfa.kz/kz/astrakhan
Омбы қаласы, Ш. Уәлиханов көшесі, 9. Телефон: +7 (3812) 32-52-13, 32-52-07, 32-52-08, факс: +7 (3812) 32-52-15, 32-52-05, веб-сайт: http://kz-omsk.ru/kz, е-mail: оmsk@mfa.kz.
Дауыс берушілердің өзімен бірге Қазақстан Республикасының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.
Қазақстанда
кезектен тыс президенттік сайлау 9
маусымда өтеді. Мемлекет басшысы
лауазымына жеті адам таласады:
*
Жамбыл Ахметбеков-Коммунистік Халық
партиясынан;
* Дания Еспаева - "Ақ
жол" партиясынан;
* Әміржан Қосанов
- "Ұлт тағдыры" ұлттық-патриоттық
қозғалысынан (Ұлт тағдыры);
* Төлеутай
Рахымбеков - "Ауыл" партиясынан;
*
Амангелді Таспихов-Қазақстан кәсіподақтар
Федерациясынан;
* Қасым-Жомарт Тоқаев
(қазіргі Қазақстан Президенті) - Nur Otan
партиясынан;
* Сәдібек Түгел - "Ұлы
дала қырандары" қоғамдық бірлестігінен
(Ұлы Дала Қырандары).