Алматы мен Шымкент тұрғындары енді "Яндекс.Карта" арқылы велосипедпен серуендеуді жоспарлай алады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Сервис қажет нүктеге велосипедпен қалай жетуге болатынын көрсетеді және жолдағы уақытты есептейді. Бағдарларды веб-сайтта немесе iOS немесе Android үшін қосымшада құруға болады.
"Яндекс.Карталар "
велосипедпен жүру үшін қолайлы жолдар
бойынша бағыттар береді.
Бұл веложолдар, парктердегі соқпақтар
және көлік көп емес жүретін учаскелер",
- деді компаниядағылар.
"Байқоңыр"
метросынан Сайранға
дейін барғысы келетін алматылық
велосипедшіге сервис
қозғалысы қарқынды саналатын
Абай даңғылы емес, Шевченко және
Шәкәрім көшелерімен жүруге
кеңес береді.
Мамыр айынан
бастап велосипед маршруттары Қазақстанда
тестілеу режимінде қолжетімді болды.
Осы уақыт ішінде Алматы тұрғындары
жалпы ұзындығы 100 мың шақырымға жуық 8
600 – ден астам сапарды, ал Шымкенттің
велосипедшілері ұзындығы 8,4 мың шақырымға
жуық 500-ден астам сапарды жоспарлап
үлгерді.