Танымал әнші Қыдырәлі Болманов Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.
Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Қыдырәлі Болманов 1964 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында дүниеге келген.
Әнші, философия ғылымдарының докторы, Қазақстан жастар одағы сыйлығының және Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Құрмет орденінің иегері. Бұрынғы "АБК" тобының әншісі бүгінде еліміздегі танымал продюсерлердің қатарында.