Еңбек сіңірген қайраткер және ұстаз Тұрлыханова Мәрзия Айтбайқызы 80 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Instagram желісінде оның ұлы - ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері Дәулет Тұрлыханов хабарлады.
Қоштасу рәсімі Алматыда 17 маусым күні сағат 10:00 - де Абай даңғылы, 48а- үйде орналасқан Достық спорт кешенінде өтеді.
Марзия Айтбайқызы Тұрлыханова
1940 жылы 16 ақпанда Семей облысы, Аягөз
ауданында дүниеге келген.
Қазақ
қыздар педагогикалық институтының
физика-математика факультетін
бітірген.
Еңбек жолын
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының
Жарма станциясының орта мектептерінде,
Үржар ауылында математика мұғалімі,
әдіскер болып бастаған (1961-1987).);
Алматы қаласындағы № 41 орта мектепте
математика пәнінің оқытушысы (1988 жылдан
бастап);
Алматы қаласындағы № 41 орта мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары (1990 жылдан бастап);
№ 41 аралас орта мектеп негізінде жаңадан құрылған № 147 қазақ орта мектебінің директоры (1992 жылдан бастап);
№ 164 көпбейінді қазақ гимназиясының директоры (1994 жылдан бастап).
1998 жылдан бастап өзінің "Болашақ" жеке орта мамандандырылған мектебінің бас директоры