Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елордада өткен брифинг кезінде айтты.
«Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін ең басты шарт – отбасының жұмыс істеуге қабілетті мүшесі жұмыс істеуі тиіс және өз отбасы үшін жауапкершілігі бар. Бұл тұрғыда біз оларға шартты ақшалай көмек түрінде қол ұшын беріп, ол ауласында қандай да бір жеке шаруашылығымен айналыса бастауы үшін бірнеше ай бірреттік атаулы әлеуметтік көмек төлейміз. Аз қамтылған отбасылардың жұмыссыз азаматтарға бағытталған жұмыспен қамту бағдарламасының әлеуетін барынша пайдаланамыз», - деген министр АӘК алушыларға бос жұмыс орындары, жеңілдетілген шағын несие, қайтарымсыз грант және жаңа кәсіпті үйрену ұсынылатын болады. Егер отбасының жұмыс істеуге қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыстан немесе жұмыспен қамту шарасынан бас тартатын болса, онда тек оған ғана емес, бүкіл отбасыға төлем тоқтатылатын болады.