Бұл туралы СҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып elitar.kz хабарлайды.
Қайғылы оқиға Есіл ауданында орын алды. Отбасымен сейілге шыққан 14 және 16 жастағы екі қыз 9 жасар туысымен бірге суда селфи жасайды. Кенет оларды ағыс алып кеткен. Әкесі, 45 жастағы ер адам суға сүңгіп, балаларды құтқарды. Өзі ағысқа қарсы жүзе алмай, суға кетті.
Сондай-ақ, Аққайың ауданында 69 жасар ер адам балық аулау кезінде қаза тапты. Балық аулауға ол жеке құтқару құралдарынсыз барған.
Екі күннен кейін Қызылжар ауданында осындай қайғылы оқиға 31 жасар ер адаммен болған. Солтүстікқазақстандықтардың денелерін құтқарушылар судан алып шықты.
"Су объектілерінде
адамдардың қаза болуының негізгі себебі
– жабдықталмаған жерлерде суға шомылу,
су қоймаларында алкогольдік масаң күйде
демалу, жеке құтқару құралдарынсыз
балық аулау, балаларды қараусыз
қалдыру. Балықшылар балық аулау
процесіне әуестеніп, өз
қауіпсіздігі туралы да ұмытады. Қарапайым
ережелерді сақтау судағы қайғылы оқиғаны
болдырмауға көмектеседі",-деді
баспасөз қызметі.