Екібастұзда видеобақылау камераларын ұрлауды кәсіп еткен әккі ұры ұсталды.
Павлодар облыстық полиция департаментіндегілердің айтуынша, Екібастұз қаласындағы М.Әуезов көшесі бойындағы үйлердің ауласындағы 8 бақылау камерасы қолды болған.
Қалалық полициясы басқармасының криминалдық полицейлері күдікті ретінде 32 жастағы тұрғынды құрықтады. Айғақты зат ретінде ұрланған камералар күдіктінің үйінен табылды. Қазіргі таңда бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Айта кетейік, ұрланған бақылау құрылғылары қаладағы кәсіпорындардың біріне тиесілі болған.