Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Құрметті сенатор мәртебесі берілді. Мұндай шешімді жоғары палатаның депутаттары қабылдады.
Назарбаевқа бұл мәртебе Қазақстан Республикасының конституциялық-құқықтық негіздерін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптастыруға, сондай-ақ отандық парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқаны үшін берілді.