Желіде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығына қатысты ақпарат пайда болды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың фитнес-гаджетінен алынған мәліметтерді Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады.
"Нұрсұлтан Назарбаев үшін салауатты өмір салтын ұстану үнемі басты назарда. Әзербайжанға сапары барысында уақыттың тығыз болуына қарамастан, Елбасы серуендеп үлгерді. Ол Каспий жағалауында шамамен төрт жарым шақырым жаяу жүріп өтті", - деп жазды Айдос Үкібай.
Фитнес құрылғыдағы ақпаратқа сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев 4,5 шақырым жолды 1 сағат 16 минутта жүріп өтіп, 405 каллория жұмсапты. Елбасы 5753 адым жасаған.
Тұңғыш Президенттің жүгірген кездегі жүрек қағысы минутына 82 соққыны көрсеткен, ал тыныштық күйдегі импульс - минутына 71 соққы.