Елбасы партия мүшелеріне Тоқаевтың айналасына бірігу қажеттілігін еске салды

25 қараша, 13:45

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Nur Otan партиясының кеңесі өтіп жатыр. Кеңес кезінде Тұңғыш Президент нұротандықтарға қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасына бірігу қажеттілігін еске салды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Elitar.kz.

«Жиын барысында сөз алған Елбасы партия мүшелеріне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасына бірігудің қажеттілігін, сонымен қатар саяси бағыттың сабақтастығын жалғастыруды қайтадан еске салды» деп жазды Айдос Үкібай.

(Фото: akorda.kz)