Елбасының жеке қаржысына Шамалғанда спорт кешені салынуда

04 сәуір, 14:57

Нұрсұлтан Назарбаев Қарасай ауданы Шамалған ауылындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыс барысымен танысты деп хабарлады 2 сәуір күні Аkorda.kz.

Кешенде бокс және тренажер залдары, күрес үйірмесі, жүзу бассейні, теннис корты және басқа да спорттық инфрақұрылымдар жұмыс істейтін болады.

Аудандағы бұқаралық спортты дамытуға арналған кешеннің құрылысы Елбасының тікелей қолдауымен және оның жеке қаражатына салынып жатыр.

Нысанды салу жұмыстары аяқталуға жақын.