Алдағы үш күнде ауа температурасы қатты көтеріледі, оңтүстікте 40 градусқа дейін ыстық күтіледі, деп хабарлайды Қазгридрометке сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
"Жоғарғы атмосфералық қысымның аясында Қазақстанның солтүстік аймағы арқылы жылжитын фронттар тек кей жерлерде найзағаймен өткінші жаңбыр алып келеді.
Республикамыздың оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында өткінші жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі.
Ыстық және жауын-шашынсыз ауа райы батыс және оңтүстік аймақтарында болжанады, күндіз ауа температурасы 30...35, кей жерлерде 36…40°С-қа дейін көтеріледі",-деп болжайды Қазгидромет.