Бұл туралы телеарна директоры Қанат Ержігітов айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.
«Dombyra» телеарнасы - қазақ халқының рухани жан серігіне айналған музыкалық төл аспаптарын, дәстүрлі әндері мен ұлттық күйлерін халыққа барынша насихаттайтын жаңа форматтағы телеарна болуды көздейді. Бағдарламалар тәулік бойы қазақ тілінде жүргізіледі. Оның эфирінде отандық өнерпаздардың ән-күй, жырларды көрсетіледі. Аспаптарды үйрену мектебі, қолөнер шеберлері жайлы бағдарламалар түсіріледі», - деді директор.
Атап өтерлігі, телеарна жұмысы жеке қаржыландыру есебінен жүргізіледі. Арна Отау ТВ, «IDТV», YOUTUBE және әлеуметтік желілер арқылы таратылады. Оны ауыл аймақта да, қалада да тегін тамашалауға болады.