Елімізде алғаш рет 16 суырып салма ақын онлайн айтысады

07 сәуір, 11:14

Қазақстанда тұрғыш рет ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен агенттік жанындағы республикалық ақпараттық-ағартушылық штабтың бастамасымен онлайн айтыс өтеді. Оған 16 суырып салма ақын қатысады. Олардың қатарында Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Сырым Әуезхан, Данияр Алдабергенов, Жұлдызай Маратбекова секілді халықаралық және республикалық айтыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары бар. Байқау сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеуді дәріптеу үшін ең тиімді мәдени құрал ретінде қазақ айтысын пайдалануға міндеттіміз деп санайды.

Жалпы карантин кезеңінде онлайн режимде хабар таратудың шектеусіз қолжетімділігі арқылы барлық қалың бұқара қамтылады деп күтілуде. Жарыс 9 сәуірде басталады, қатысушылардың жеребе тартуы мен жұптарды бөлуден басталады. 9 және 19 сәуір аралығында 1/8, 1/4 және 1/2 финалдары өтеді. Онлайн Айтыстың финалы 2020 жылдың 18 және 19 сәуіріне жоспарланған.

Сайыстың өту барысын барлық ниет білдірушілер штабтың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан көре алады: Facebook-те «Республикалық ақпараттық ағартушылық штаб», Instagram-да және YouTube-те «anticor_shtab_kz» парақшалары.

Жеңімпаздар «Antiсor_shtab_kz» телеграм арнасында онлайн дауыс беру және мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековтың төрағалық етуімен қазылар алқасының арасында дауысты пайыздық қатынаста бөлу арқылы анықталады.

Бас жүлдеге «Алтын Орда» авторлық дизайн үйі Tengri эксклюзивті этно-инсталляциясын және «Біз біргеміз» логотипімен кәде сый ұсынады.