Қазақстанда қауіпті індеттен тағы екі адам емделіп шықты. Екеуі де Алматы қаласының тұрғындары. Атап айтқанда, оның бірі 1997 жылы, екіншісі 1998 жылы дүниеге келген. Екі бойжеткен де 15 наурыз күні Стамбул-Алматы рейсімен келген. Бүгінгі таңда Алматы қаласында коронавирустан 21 науқас жазылып шықты. Оның екеуі балалар.
Айта кетейік, еліміз бойынша вирусты инекциядан жазылғандар саны 44 адамға жетті.