Елімізде тікұшақ арқылы ​23 ​есірткі алқабы анықталды

23 қыркүйек, 11:00

Есірткі алқабы "Көкнәр" арнайы операциясы кезінде анықталған.

ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабаралағандай, «Көкнәр» операциясы барысында 3 айдың ішінде 16,7 тонна есірткі тәркіленген. Соның ішінде полицейлер тікұшақ көмегімен заңсыз «үндістан көкнәрі» өсірілген 23 плантацияны тапты.

"Есірткі сатушыларды ұстау үшін наркоактивті аудандардағы (Жамбыл және Қызылорда облыстары) полицейлерге өзге өңірлерден әріптестері мен техникалық құралдар көмекке келуде. Сондай-ақ, Қызылорда облысында үнді көкнәрі егілген алқаптарды анықтау үшін Ұлттық гвардия және «Сұңқар» арнайы жасақ қызметкерлері әуе техникасының көмегімен қашықта орналасқан жерлер әуеден бақылайды. Осындай тәсіл оң нәтиже беруде. Жедел алдын алу шаралары басталғалы 16 тонна ескірткі тәркіленді. Оның 8,7 келісі – героин, 4 тоннасы – марихуана, 198 келісі – наша. Ал көкнәр егілген жерлерден 10 тонна есірткі өсімдігінің көзі жойылды" делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, Қазақстанда «Көкнар» операциясы жыл сайын маусым мен қазан аралығында елімізде жүргізіледі.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-tikushak-komegimen-23-esirtki-alkaby-anyktaldy_a3568154