Қазақстанда жыл сайын 5 мыңға жуық жасөспірім қыз жүкті болады, оның 1300-дейін аборт жасатады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов журналистермен кездесу кезінде айтты.
«Бұл мәселемен біз үкіметтік емес ұйымдармен, халықаралық ұйымдармен бірлесіп айналысып жатырмыз. БҰҰ-да көмектеседі. Жылына 16-18 жас аралығында жасөспірім қыздардың жүкті болуының 4 800-5 000 дерегін тіркейміз. Өкінішке қарай, олардың 1300-ге жуығыныі түсік жасату әрекеті тіркеледі. Әрине, олардың барлығы да медициналық көрсетілім мен қарсы көрсетілімге сай қауіпсіз жағдайда, қорғалған түрде жүргізіледі», - деді ол.
Министрдің сөзінше, жүкті қызды учаскелік дәрігер немесе емханалардың жанынан құрылатын Жасөспірімдер денсаулығы орталығының дәрігері мұндай шешімді ата-анасының қабылдауына көндіру қажет. Олар неге және қандай қаупі бар екендігін түсіндіруі тиіс. Медициналық мекемеден тыс жағдайда жүктілікті үзу өте қауіпті.