"Big Шанхай" базарының аумағында ірі өрт болып, азық-түлікпен бірге 30 бутик өртенді, деп хабарлайды Elitar.kz Нұр-Cұлтан ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
"Big Шанхай" базарының аумағында ірі өрт болып, азық-түлікпен бірге 30 бутик өртенді, деп хабарлайды Elitar.kz Нұр-Cұлтан ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Өрт туралы
хабарлама түнде 03.49-да келіп түскен.
Алғашқы
өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде
жеке тұрған "Ярмарка" көтерме
қоймасында 30 азық-түлік
бутигі жанып кеткені
анықталды.
"Құтқарушылардың жедел
және үйлесімді әрекеттерінің арқасында
өрт 45 минуттан кейін ауыздықталды.
Өрттің жалпы аумағы 500 шаршы метрді
құрады. Ғимараттың жалпы ауданы-5 мың
шаршы метр. Өртті сөндіруге жеке құрамның
44 адамы мен өрт сөндіру қызметінің 12
техникасы, сондай - ақ қаланың шұғыл
қызметтері, полиция мен жедел жәрдем
станциясының қызметкерлері жұмылдырылды",
- деп хабарлады астаналық ТЖД ресми
өкілі Аягөз Фазылова.