02 наурыз, 17:15
Елордалық өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар фитосанитарлық бақылау барысында Грузия елінен «Комсток сымыры» зиянкесін жұқтырған мандариндердің ірі партиясын анықтады.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, карантиндік зиянкестердің таралып кетпеуі үшін аталған ведомствоның мемлекеттік инспекторлары 1 210 кг қауіпті мандаринді тәркілеп алды. Тоннадан астам зиянды жемістер экополигон аумағында өртелді.
Аталмыш факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен өнім иесіне 53 025 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Айта кетсек, Комсток сымыры зиянкесі негізінен алмұрт, алма, анар, шабдалы, өрік, банан, інжір, жүзім, долана, катальпа, цитрустар, картоп, қарбыз, қауын, бұрыш және басқада көкөністерді зақымдайды. Комсток сымыры таралған кезде өсімдіктер жаппай қурап қалады.