Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, қылмыстың алдын алу департаментінің басшысы Анар Жорова баспасөз конференциясында айтты.
"Елордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтардың жедел қаза болуы туралы ақпаратты полиция қызметкерлерінің деректер қорынан сыйақы үшін беру фактілерін анықтады. Аталған фактілерді тергеу нәтижелері бойынша біз ІІД-ге ұсыныс енгіздік, оған сәйкес, Алматы және Сарыарқа аудандарының полиция басқармалары мен кезекші бөлімдерінің тоғыз қызметкері қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны және құқық қорғау органдарының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан босатылды", - деді ол 23 тамыз күні өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, тиісті
бақылаудың болмауына байланысты олардың
тікелей басшылары да жазаланды. Қол
астындағылардың арасында алдын алу
жұмыстарын нашар жүргізгені үшін тікелей
басшылық қызметіне толық сәйкес еместігі
туралы ескерту және қатаң сөгіс түріндегі
тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жарова
сондай-ақ басқа қалаларда осындай
фактілердің болу мүмкіндігін
жоққа шығармады және қазақстандықтарды
call-орталығына хабарлауға шақырды.
"Мұндай
фактілер барлық жерде орын алады деп
ойлаймыз. Бұл тек елордада ғана емес,
барлық жерде болуы мүмкін. Сондықтан осы мүмкіндікті пайдаланып, барлық
азаматтарға біздің колл-орталығының
1424 нөміріне хабарласуға
шақырамыз, ол тәулік бойы жұмыс
істейді. ", - деді ол.