Жыл басынан бері Қазақстанда 1 миллионнан астам азамат коронавирусқа қатысты сынақтан өтті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлі Елжан Біртанов Үкімет отырысында айтты.
"Ағымдағы жылдың 6 қаңтарынан бастап Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік шекараны өткізу пункттерінде санитарлық бақылауды күшейтіп, миллионнан астам адамды тексеріп қарады. Бүгінгі күні бақылауға 30 мыңнан астам адам алынды. Инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты бақылаудан азаматтардың негізгі бөлігі шығарылды. 6 474 адам әлі де бақылауда. 6 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін дене қызуы көтеріліп, жедел респираторлық-вирустық инфекциямен ауырған 186 адам ауруханаға жатқызылып, олардың 166-ы жазылып шыққан. Қалған 20 адам стационарда ем алуда. Олардан коронавирус инфекциясы табылмады",-деді министр.
Одан өзге еліміздің бас дәрігері алынған сынамалар Ресей, Қытай және отандық өндірістің тест-жүйелерімен зерттелгенін атап өтті. Қазіргі уақытта Үкімет резервінен қаражат бөлініп, коронавирус анықталған жағдай мен вирус таралған елдерден келген адамдарды карантинге орналастыру мақсатында медициналық ұйымдардың дайындығы қамтамасыз етіліп отыр. Тест-жүйелердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың, сондай-ақ жеке қорғану құралдарының қорлары да жеткілікті.