Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы қаласының маңында орын алған ұшақ апатынан зардап шегіп, ауруханаға түскендердің жағдайын өз бақылауында алды, деп хабарлайды Elitar.kz.
Бұл туралы министр Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Алматы түбіндегі әуе апатынан қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтамын, қайғыларыңызға ортақпын. Ауруханадағы азаматтардың жағдайы жеке бақылауымда. Зардап шеккендерді қажетті медициналық көмекпен және дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етеміз»,- делінген Елжан Біртановтың жазбасында.