Сүйінші хабармен мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев өзінің фейсбуктегі парақшасында бірінші болып бөлісті, деп хабарлайды Elitar.kz.
"НӘТИЖЕ БАР! Менде тамаша жаңалық бар!!! Бүгін парламенттік тыңдауларда біз ауыл шаруашылығы министрінен Сыбаға бағдарламасы бойынша менің депутаттық сауалыма оң жауап алдық!!! Енді қазақстандық өндірушілердің асыл тұқымды малын сатып алуға субсидия бөлінетін болады. Сыбаға бағдарламасына өзгеріс екі апта ішінде енгізілетін болады",-деп оқырманымен қуанышты хабармен бөлісті мәжілісмен.
Сондай-ақ ол өзін қолдаған, аталмыш мәселеге бей-жай қарамаған әріптестері, оқырмандары мен халыққа алғыс білдірді:
"Достар, бұл біздің ортақ жеңісіміз. Мен біздің Комитет бойынша әріптестеріме, бағдарламаның кемшіліктері жөнінде пікір айтқандарға, фактілерді мәлімдегендерге, өз ұсыныстарын жібергендердің барлығына және жай ғана мені қолдағандарға рахметімді айтамын".
Депутат министр командасының кәсібилігіне оң баға берді.
"Министр бастаған ауыл
шаруашылығы министрлігінің жаңа
командасына кәсіпқойлығы, конструктивтілігі,
қарапайым фермерлер мен депутаттардың
пікірін есту қабілеті үшін алғысымды
білдіргім келеді. Бүгінгі өткен
отырыста ауыл шаруашылығы проблемалары
туралы көп айтылды.
Жалпы атқарылар
жұмыстар көп. Сондықтан мен бей-жай
қалмаңыз, пікір айтыңыз, мәселелерді
хабарлаңыз, ұсыныстар жазыңыз дегім
келеді!",-деп жазды депутат Нұржан Әлтаев.