Енді мекенжай анықтамасын өткізудің қажеті болмайды

18 сәуір, 11:29

Азаматтарды мекенжай анықтамаларын алу үшін ХҚКО-ға бару қажеттігінен арылтатын жаңашылдық енгізу жоспарлануда. Мүдделі мекемелер мен ұйымдар ол анықтамаларды азаматтар үшін өздері ала алады. Бұл туралы цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев хабарлады.

Министрдің айтуынша, негізінен азаматтардың аталған анықтамаларды мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер талап етеді. Мемлекеттік органдар мұны жасауға құқылы емес. Еңбек кодексінде тиісті талап та жоқ.

"Жеке тұлғалар үшін қолжетімді қызметтерден мекенжай анықтамасын алып тастауды қарастыратын пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз, —
деді бұл жайлы министр.

Кадр қызметінің мамандары немесе азаматқа мекенжай анықтамасы қажет болған басқа біреу egov-ке кіріп, оны SMS арқылы азаматтан келісім ала отырып жүктей алады.

Мұндай SMS-сұрауды алу үшін Мобильдік азаматтар базасында тіркелу қажет. Онда бүгінгі күні 7 млн қазақстандық тіркелген. Пилоттық жобаның басталу күні жақын арада анықталатын болады.