Шымкент әкімі өзін Ғабидолла Әбдірахымовпен салыстыратындарға пікір білдірді

25 желтоқсан, 19:33

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, бұрынғы әкім Ғабидолла Әбдірахымовпен салыстыруға қатысты өз пікірін білдірді.

"Жұмыс істеуде менің өз тәжірибем бар, Ғабекенің өз тәжірибесі. Бұл маған жұмыс істеуге кедергі келтірмейді. Әзірге сенім несиесі бар, мен оны нақты әрекеттермен толтырғым келеді. Келесі жылы қандай да бір нәтиже көрсетеміз... Мен өзімді өз-өзімен жұмыс істейтін әкім деп санаймын", - деді Ерлан Айтаханов.

Сондай-ақ Шымкент басшысы тұрғындардың сенімін ақтауға үміттенетінін де атап өтті.
"Біз жұмыс істеп, сенімді нақты әрекеттермен және жұмыспен ақтайтын боламыз", - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Ғабидолла Әбдрахимов биыл жазда Шымкент әкімі қызметінен кетті.