Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұова өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Elitar.kz.
Астана күні аясындағы бұл шараны Министрлік ұйымдастырған. Ержанның концертіне билеттер алдын-ала толықтай сатылып кеткен.
"«Қазақстан» орталық концерт залына келген 3000 көрермен жас дарынды ду қол шапалақпен қарсы алды. Қонақтардың ішінде Ержанның атасы мен әжесі, ата-анасы - Ербол Нұғманов және Гүлмира Әлібек, оның әпке-қарындастары, концерт өткізу идеясының авторы Арыстанбек Мұхамедиұлы және біздің отандасымыз, танымал продюсер Арман Давлетьяров болды",-деп жазды министр.
Ержан концертке ерекше жауапкершілік және қажырлылықпен дайындалған. Кеш Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ұлықпан Жолдасовпен бірлесе жазылған «Елімді сүйемін» композициясымен ашылды. Ержан мен Ренат Ғайсин екеуі шығармашылық тандемде «Туған өлкем» авторлық әнді орындады. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Отан-Ана», Мүсілім Магомаевтың «Синяя вечность», Эрик Карменнің All by myself әндері «Голос. Дети» телевизиялық шоуда Ержанның орындауында әбден таныс.
Мөлдір Әуелбекова, Сәкен Майғазиев, Айқын Төлепберген сынды еліміздің эстрада жұлдыздары Ержанды қолдап, онымен бір сахнада өнер көрсетті. Ержанның туған әпкесі Назерке Максим де өзінің бауырымен және Қазақ Ұлттық Өнер университеті хорымен өнер көрсетті.
Кеш барлық қатысушылардың орындауындағы «Жерім менің» салтанатты әнімен аяқталды.
"Ду қол шапалақ ұзақ уақыт толастамады. Ержан кейбір үлкен адамдардың қолынан келмейтін жүкті арқалап шықты. Браво, Талант, Сізді жарқын келешек күтіп тұр!",- деді Ержанның талантына тамсанған Ақтоты Райымқұлова.