Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері есірткі сатты деген күдікпен 50 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдікті бұрын сотты болған. Аталған адамның мекенжайы бойынша аса ірі көлемде «героин» табылып тәркіленді. Ұстау барысында ол заттай дәлелдемеден құтылуға әрекет жасады.
"Осы факті бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде. Жыл басынан бері елордалық полицейлер 100 кг астам әртүрлі есірткі заттарын, оның ішінде «героин», «синтетикалық» есірткі тәркіледі. «Есірткіні сату» бабы бойынша 65 қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, әртүрлі есірткі қылмыстарына қатысты бұзушылық жасалғаны үшін 345 қылмыстық іс қозғалды.
Ағымдағы жылдың 05 шілдесінде есірткінің жиынтық кестесіне өзгірістер енгізілді. Осы өзгерістер заңды күшіне енуінен бастап Нұр-Сұлтан қаласы ПД ЕҚҚІҚБ «синтетикалық» есірткімен байланысты 58 қылмыстық іс тіркеді" делінген елордалық полиция департаментіні баспасөз қызметіндегілер.
«Интернет-кеңістікті» мониторингілеу барысында және азаматтардың белсенді ұстанымы арқасында синтетикалық есірткі таратумен байланысты 100-ден астам сайт анықталды. Осы сайттарды бұғаттау үшін алынған ақпарат тиісті органдарға жолданған. Сонымен қатар, үйлердің қабырғалырында және кіреберістерде 200-ден астам есірткі сатылатын орындарды насихаттайтын граффити-суреттер жойылған.