«Етсіз қалай өмір сүреміз?»: Мемлекет басшысы қандай диета ұстау керектігін айтты (ВИДЕО)

31 қаңтар, 19:40

Нұрсұлтан Назарбаевтың дене бітімінің сымбаттылығын сақтау үшін және қандай диета ұстау керектігі туралы кеңесін ҚР Президенті Телерадиокешені Facebook парақшасында жария етті, деп хабарлайды Elitar.kz.

«Қазір кімнен сұрасаң да бәрі арықтағысы келеді. Тіпті арық адамдардың өзі де арықтай түссем дейді. Олар түрлі диеталар ұстанады: ет жеу зиян дейді, майды тіпті... Біз қазақпыз ғой, етсіз қалай өмір сүреміз? (...) Менің ұстанымым - адам ағзасы қалап тұрған тағамды жеуі керек. Мен үнемі спортпен шұғылдану керектігін айтып жүремін. Адам өзін-өзі күтуі керек. Дені сау ұлт болуымыз қажет, жастарымыздың да осыған ұмтылып жүргенін білемін. Арнайы диета ұстанбаймын», - деді Мемлекет басшысы.