Әйгілі футболист Криштиану Роналду коронавирусқа байланысты карантинге жатқызылды

13 наурыз, 12:20

"Ювентус" футбол клубының ойыншысы Даниеле Руганиден коронавирус дерті анықталған соң Криштиану Роналду карантинге жатқызылды. Ол бірнеше күннен бері Мадейра аралында үй карантинінде. Айта кетейік, Криштиану Роналду отбасымен бірге Мадейрада тұратын анасының жағдайын білуге барған. Анасы инсульт алған соң ем алып жатқан. Бұл туралы Мадейраның денсаулық сақтау министрі Педру Рамош хабарлады, деп жазады excelsior.com.

"Роналду бірнеше күн бұрын Италиядан кеткен. Оны карантинге жатқызу Мадейраға келмей-ақ басталған еді. Әзірге одан да, отбасы мүшелерінен де ешқандай симптомдар байқалған жоқй,-деді министр.

Айта кетейік, Португалия сәрсенбіден бастап 24 наурызға дейін Италияға бағытталатын барлық әуе рейстерін тоқтатты.