Әйгілі Тереза ананың шәкірті дәрігер Сурендра Кумар Түркістан облысының тұрғындарын қабылдайды

15 сәуір, 16:55

Түркістанда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың қатысуымен Халықаралық медициналық конференция өтуде. Ауқымды шара барысында АҚШ пен Лондоннан арнайы келген дәрігерлер облыс халқына тегін қабылдау жүргізеді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Шетелдік білікті дәрігерлер Түркістан қалалық орталық ауруханасында, 3 -Перинаталды орталықта, Түркістан облыстық балалар ауруханасына барып, науқастармен кездесіп, кеңес береді.

Тәжірибелі дәрігер Доктор Сурендра Кумар Лондондағы Корольдік жалпы қолжетімді клиникалық аурухананың офтальмологы. Үндістанда, Пәкістанда, Ауғанстанда, Шри-Ланка, Ресейде, Босния, Замбияда, Кенияда және Оңтүстік Америка елдерінде халықаралық медициналық волонтерлік лагерьлердің ұйымдастырушысы және жетекшісі. 14 жылдан астам уақыт бойы Тереза анамен тығыз қарым-қатынаста абыроймен еңбек еткен.