Қылмыс әлеміндегі "Иса киллер": Қылмыстық іске қатысты жаңа дерек шықты

20 маусым, 16:00

Бірінші сот қарауында-ақ судьялар қылмыстық процесуалды кодексінің талаптарының сақталмағандығын анықтаған, деп хабарлайды Elitar.kz.

Сотталушы қылмыс әлеміне "Иса киллер" лақап атымен танымал. Иса Көшіковке бірнеше бап бойынша айып тағылған. 2000 жылы кісі өлтіруге оқталу, қару алып жүру, сондай-ақ 2017 жылы аса ірі көлемдегі сомаға алаяқтық жасады деп күдіктелген.

Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының ұйғарымымен айыпталушының адвокатының сұранымымен сотталушыға медициналық-психиатриялық сараптама тағайындалды.

2000 жылы желтоқсан айында Шымкент қаласында белгісіз біреулер Б.есімді азаматқа автоматты қарудан оқ атқан. Қолына оқ тиген жәбірленуші жасырынып үлгірген. Талай жылдан бері ашылмай келген қылмыстық іс бойынша құзырлылар осы жылдың басында оқ атқыштарды анықтаған. Олардың арасында Иса Көшіков де бар боп шыққан. Көп ұзамай Көшіков қолға түсіп, қалған екі күдікті әлі де іздеуде.

2000 жылы Б. есімді жәбірленушіні көздеп, қарулыларды жалдаған бұрынғы сыра падишахы, бизнесмен Тоқтар Төлешов көрінеді.

Судьялар қылмыстық процесуалды кодекс талаптарының сақталмағандығын анықтағандықтан, Иса Көшіковке қатысты іс прокуратураға кері қайтарылды.