Ұрыс-керістен қашқан бала 4 күн дегенде табылып, ата-анасына қайта табысталды

15 шілде, 14:52

Полицейлер 3 күн бойы хабар-ошарсыз кеткен баланы тауып, ата-анасына тапсырды, деп хабарлайды ТО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Келес АПБ-не жергілікті тұрғын сағат таңғы 08:00 шамасында кәмелет жасына толмаған ұлы үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, үш күннен бері келмегенін хабарлаған.

Аталған жайт хабар-ошарсыз жоғалу дерегімен Келес АПБ-нің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Аудандық полицейлер кәмелет жасына толмаған баланы ата-анасына сау күйінде тапсыру мақсатында тез арада іске кіріседі. Баланың барады-ау деген барлық аймақтарын қарап, куәгерлерлерден сұрастырып жүріп 4-ші күні табады.

Жасөспірім Сарыағаш қаласында жалданып қара жұмыс істеп жүрген жерінен табылып, үйіне қайтарылған.

Полицейлердің анықтауынша, бала үйіндегі ұрыс-керіс салдарынан шығып кеткен. Алғашқы күні Жылға ауылында мал баққан. Сосын 4 күн бойы қара жұмыс істеген.