ҚР Президент Әкімішлігінің басшысы қызметін атқарып келген Қырымбек Көшербаев енді Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
"Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылсын", - делінген Ақорда хабарламасында.
Бұған дейін Мемлекеттік хатшы қызметін атқарып келген Марат Тажин басқа жұмысқа ауысуына байланысты бұл лауазымынан босатылды.
Ал Көшербаевтың бұрынғы қызметіне, яғни, ҚР Президент Әкімшілігінің басшысы лауазымына Қарағанды облысының экс-әкімі Ерлан Қошанов тағайындалды.
Қырымбек Көшербаевтың жаңа қызметі туралы @jexennews Telegram-каналы былай деп жазды:
"Қырымбек Көшербаев ешқайда кетіп қалмады, Мемлекеттік хатшы лауазымына ие болды. Кейбір сарапшылар мен саясаттанушылар мұндай қозғалыстардың артында Президент пен Премьердің арасында қарсылық тұрғанын айтады. Бұл туралы әсіресе Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың тағайындауынан кейін ерекше айтылды. Бірақ қазақстандық саясаттанушылардың болжамына төтенше жағдай өткеннен кейін хабарландырулар жаппай жіберетін отандық синоптиктердің болжамына сенгенмен тең секілді."