Қырғызстан Президенті қазақстандықтарға көңіл айтты

27 желтоқсан, 15:47

Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және қазақстандықтарға Алматы қаласы маңында орын алған ұшақ апатына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Қырғыз Республикасы Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап Elitar.kz.

«Алматы-Нұр-Сұлтан әуе рейсі апаты салдарынан қаза тапқан адамдар туралы хабарды үлкен күйзеліспен қабылдадық. Қырғыз халқы мен өз атымнан қаза болғандардың отбасыларына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін»,-делінген көңіл айту жеделхатында.