Антициклон және Ираннан келетін ыстық ауа массаларына байланысты Қазақстанның көптеген облыстарында ыстық және өте қатты ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
2019 жылғы 16-18 шілдеге арналған ауа райы болжамы бойынша Қазақстанның көптеген облыстарында ыстық және өте қатты ыстық ауа райы сақталады. Республиканың батысында жаңбыр мен ыстықтың әлсіреуінен кейін ауа температурасы қайтадан жоғарылайды. Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 2...7°С жоғары болады деп болжануда.