Қытайда демалып келген бір отбасы Ақмоладағы ауруханаға жатқызылды

28 қаңтар, 18:41

Ақмола облысында Қытайдан Қазақстанға қайтып келген бір отбасы ауруханаға жатқызылды.

Ақмолалық отбасы Қытайдың Хайнань провинциясында демалып келген. Бұл туралы еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиин мәлімдеді.

"Хайнаньда демалыста болған бір отбасы мүшелері Ақмоладағы стационарда ем алып жатыр. Аталған отбасының 3 баласының екеуінде дене қызуы көтерілген. Үшінші балада да ауру белгілері болды. Әке-шешесінде ондай белгілер жоқ. Бірақ, тығыз қарым-қатынаста болғаннан кейін онда да ауру белгілерінің анықталуы ықтимал», - деді ол.

Одан өзге Жандарбек Бекшин Қазақстанда медициналық бетперде тапшылығы жоқ екенін айтты.