Қытайда коронавируске шалдыққан 5 бала айықты

07 ақпан, 15:00

Кеше Ухань қаласында (Хубэй провинциясы, Орталық Қытай) коронавирустың жаңа түрін жұқтырған бес бала айығып, ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ең кішкентай пациенттің жасы екіде болса, үлкені -14-те.

Ухань қалалық балалар ауруханасының хабарлауынша, балалар айығып шыққан соң да екі апта бойы медициналық бақылауда болады.

«Балалардың иммундық жүйесі жетілмеген, сондықтан олар әртүрлі симптомдары бар тыныс алу жолдары инфекцияларын тез қабылдайды», - деп атап өтті аталған аурухана дәрігері Фан Юйжун.