Қытайда жаңа туған сәбиден коронавирус анықталды

06 ақпан, 13:50

Қытайдың Ухан қаласында жаңа туған сәбиден коронавирус диагнозы анықталды. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап Elitar.kz хабарлайды.

Сәбидің анасы коронавирус дертіне арналған тексеруден өткен. Талдау нәтижесі бойынша келіншектен қауіпті дерт анықталды. Сәбидің де коронавирусқа шалдыққаны белгілі болды. Қазіргі таңда шақалақ Ухандағы мамандандырылған балалар ауруханасында бақылауда. Жағдайы тұрақты.

Қытайлық дәрігерлер инфекция анадан балаға тікелей берілген деген болжам жасап отыр. Айта кетейік, Қытайда 24 мыңнан астам адам коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен тіркеуде тұр, 186 мыңы медициналық бақылауға алынған.